Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Ақтаулық ана Жұлдыз Азанова Астанада денсаулық сақтау министрімен кездесуді талап етуде

    Алматы облысындағы «G4 City» жобасын іске асыру жоспары талқыланды

    Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Qazaq.today  Halyq Uni -не сілтеме беріп. 

    Кеңесте халықаралық бизнесті дамыту орталығын құру, инвестициялар тарту, инфрақұрылым жүргізу, іскерлік қызмет нысандарын салу жөніндегі шаралар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселесі қаралды.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.

    Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

    Еске сала кетсек, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады:

      • Gate – іскерлік және қаржылық орталық,

     

      • Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар,

     

      • Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар,

     

      • Green – туристік кластер.

     

    Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →