Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    17 жыл құлдықта болған қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    17 жыл бойы туған ағасы күң қылып ұстаған апалы-сіңлі Назгүл бен Құндыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Бұл туралы қыздардың үйіне қонаққа барған журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

    Журналистің айтуынша, қыздар қазір 3 аптадан бері кешенді ем қабылдап жатыр.

    «Апалы-сіңлілі кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар, олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар үш ай бойы емді Алматы қаласында қабылдайды», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ, Руслан Өтепбай қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

     «Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, оқыс жағдайда қайтыс болған інілерінің өлімі қалай болғанын анықтау үшін тілшілер дәлелдер жинауда. Таяуда ашылмаған басқа да жайттарды эфирде тәптіштеп айтамыз», – деді журналист.

    Еске салайық, Түркістан облысында апалы-сіңлілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасына айтқан.

    Ақпарат: Massaget.kz.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →