Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    «Қолыңды сындырам»: Қырғызстан МҰҚК төрағасы мен депутат Жогорку Кенеште айтысты

    Қырғызстанда танымал екі саяси тұлға бір-біріне деген өшпенділігін елге ашық көрсетті. Жогорку Кенештің кезекті отырысында депутат Адахан Мадумаров пен Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиев ашық айқасқа көшті, деп хабарлайды qazaq.today қырғызстандық mir24.kg-ке сілтеме жасап.
    Ташиев Қырғызстандағы миллиардер, әрі Жоғарғы Кеңестің депутаты Мадумаровты мемлекеттік төңкеріс жасамақ және контрабанданы қолдады деп айыптады. Қамшыбек Ташиевтің сөзінен кейін Адахан Мадумаров фракция жетекшісі ретінде жауап беруге 5 минут уақыт сұрады. Спикер Талант Мамытов мәселені дауысқа салғанымен, әріптестері оны қолдамады.

    «Қонақтардың микрофоны үнемі жұмыс істей ме? — деп сұрады Адахан Мадумаров.

    Мадумаровтың бұл әрекетіне Қамшыбек Ташиев «қолыңды сындырамын» деп жауап берді.

    «Мен саған көрсетемін!», —  деді депутат.

    Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Адахан Мадумаровты төңкеріс жасамақ болды деп айыптады.

    «Бізде оның туыстарымен тәртіпсіздіктер мен төңкеріс жасауға дайындалып жатқаны туралы жедел ақпарат бар. Мен сені төңкеріс жасамақ болғаның үшін тұтқынға аламын», — деді ол.

    «Қолыңнан келгенін ғана айт», – деді Адахан Мадумаров.

    https://www.youtube.com/watch?v=PQldb6g-CuI

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →