Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Алматы облысында 17 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қос жігіт ұсталды. Қылмыскерлер Қапшағай су қоймасының маңынан кәмелетке толмаған қыздың өртенген денесін көрсетті. Облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі жігітті қамауға алды. Белгілі болғандай, 27 мамырда Алматы қаласының Алмалы ауданының полиция басқармасына жүгінген әйел адам 2005 жылы туған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

    Әйелдің айтуынша, қызы 24 мамыр күні үйден шығып, қайтып оралмаған.

    «Полицейлер оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын анықтады. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз оларды жоғалған күні көшеде кездестірген», — делінген ПД хабарламасында.

    Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында күдіктілер жасөспірім қызды өлтіргенін мойындап, Қапшағай су қоймасы маңынан мүрденің көмілген жерін көрсетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    «Қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген. Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша ПБ жүргізетін болады», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →