Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    АЭС салу: Энергетика министрлігі қай ел қанша сомаға салып беретіні туралы мәлімет жоғын айтты

    Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізу турасында  энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сұрақ қойылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Айта кетсек, бұған дейін ресми органдар Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін 12 млрд доллар керектігін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта төрт елдің, атап айтқанда Франция, Оңтүстік Корея, Қытай мен Ресейдің технологиясы қарастырылып жатыр. Осы төрт технологияның ішінде қайсысы арзан деген сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі Жандос Нұрмағанбетовке қойды.

     

    «Ведомствоаралық комиссия осы төрт елдің технологиясын қарастырған болатын. Талдау жүргізіліп, салынған станция ең алдымен, қауіпсіз болуы керек. Нақты бағасын шығару үшін біріншіден, құрылыс жерін белгілеу керек. Егер ұсынылып жатқан Балқаш көлі болса, онда сол жердегі орын бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалады. Соның нәтижесінде белгіленеді. Қазір қай технология қаншаға салып беретіні турасында мәлімет жоқ”, – дейді Нұрмағанбетов.

     

    Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында атом электр станциясын салу жөнінде жария тыңдауға барып қайтқан еді. Үлкен ауылындағы көптен күткен үлкен жиынға жобаға қатысты компания өкілдері, Энергетика министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері, жан-жақтан белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Жиналғандар екіге бөлініп, жанжалдасып қала жаздаған болатын.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →