Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды

    Павлодарда мектеп директоры қамауға алынды. Ол заң бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық соттың мәлімдеуінше, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған ауылдық орта мектептің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.

    «Іс материалдарына сәйкес, 15 қыркүйек күні мектеп басшысы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот отырысында құқық бұзушы алкогольдік ішімдік ішпегенін айтып, кінәсін мойындамады. Ал сотта жүргізушінің уәждері сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсініктемесімен және бейнежазбамен жоққа шығарылды», — делінген хабарламада.

    Сот қаулысымен ол ҚР ӘКБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Әрі 15 тәулікке әкімшілік қамауға  алу түріндегі жазаға тартылды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →