Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбеде 11-сынып оқушысы суицид жасады

    Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 13-қыркүйекте бөлімге 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті туралы хабарлама келіп түскен.

    Осы факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы «Өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өзіне-өзі қол жұмсауының себептері анықталып жатыр.

    Бұған дейін облыстың прокурорлары адамдардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жиілегенін хабарлаған еді. Олардың дерегінше, аймақта күн сайын орта есеппен 2 суицид жасалады. Өткен жылы мұндай деректердің көбі Ақтөбе қаласында (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би (3-тен) аудандарында тіркелген.

    Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 4-сынып оқушысы өзі қатарлас балалардың буллинг фактілерінен кейін өзіне қол жұмсамақ болды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →