Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қазақстандық оқушылар информатикадан еуропалық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

    Қазақстандық оқушылар Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 8-14 қыркүйек аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысқан. Білім додасына әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсекеге түсті.

    EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға – Еуропа Кеңесінің мүше мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы.

    Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды:

    Алтын – Мансур Мамадахунов. Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

    Күміс – Сұңғат Серікбай. Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

    Күміс – Әлем Аменов. Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

    Қола – Әлішер Алдамжаров. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

    Құрама жетекшілері: Темірлан Сатылханов – Astana IT университетінің оқытушысы және Айдос Нұрмаш – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →