Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Қазақстандық ерлі-зайыпты Оңтүстік Кореяда қамауға алынды

    Қазақстандық ерлі-зайыптыға құжаттарды бұрмалағаны үшін айып тағылған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Полиция иммиграциялық кеңселердің бірінде баспана алу туралы өтініштер көбейгеніне назар аударған.

    Тексеру көрсеткендей, екі адам – күйеуі мен әйелі бірнеше ай бойы жалған өтініштер жасауға, құжаттарды қолдан жасауға көмектескен. Қызметтері үшін ақы алған.

    Олардың қызметіне Қазақстан мен Ресейден барған 117 азамат жүгінген. Бәрі де Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген.

    Қызметтердің құны 1-ден 3 миллион вонға дейін барған. Тергеу барысында айыпталушылар шетелдіктерге жалған сылтаулармен босқындар визасын беру туралы өтініш беруді ұйымдастырғаны анықталды.

    Айыпталушылардың 21 клиенті табылды – барлығы өз елдеріне қуылды. Жалған құжат жасатқан өзге азаматтар әлі де іздеуде.

    ҚР СІМ әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушісін пышақтап кеткен еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →