Басты бет » «Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

«Болашақ» стипендиясының иегерлері белгілі болды

Республикалық комиссияның шешімімен биылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде даярланатын болады.

Еске сала кетсек, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау 4 лекке бөлінген. Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады. Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендия иегерлерінің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика