Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады •

    Алматы облысында блогер тұтқындалды 

    Алматы облысында блогер қамауға алынды. Ол әлеуметтік желі арқылы медициналық мекеме басшысына жала жапқан. Соттың үкімімен 39 жастағы блогер 20 тәулікке қамалды. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. Ол әлеуметтік желіде Шелек ауылындағы аурухана мен аурухана басшыларының біріне қатысты жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді. Жазбада медицина қызметкері жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға жұмысқа тұрғызғаны айтылады. Аталған ақпарат желіде қызу талқыға түсті.

    «Дәрігер ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау арызымен құқыққорғау және сот органдарына жүгінді. Осылайша, ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату) бойынша материал жиналды. Іс 4 мамырда қаралды. Нәтижесінде блогер 20 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», — делінген Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →