Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Швеция «Ресеймен көршілес елдер санкцияларды сақтамай отыр» деп күдіктенеді

    Швеция Сыртқы істер министрлігі Ресейдің көршілес елдерге экспортының күрт өсуіне санкцияларды айналып өту әрекеттері себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда Швеция нақты қай мемлекет екенін атамады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

    Швеция үкіметі Ресеймен көршілес елдерге экспорттың күрт өсу себептерін тексеруді жөн көрген. Сыртқы сауда министрі Йохан Форселдің айтуынша, Ресейге қарсы санкцияларды мемлекеттердің бәрі сақтауы тиіс.

     

    «Егер біз санкциялардың күшіне енуін және шектеулер Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығын бәсеңдетуге көмектескенін қаласақ, оларды сақтау керек. Ресеймен көршілес елдерге экспорттың өсуі табиғи себептерге байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ, бұл санкциялардың толық сақталмауына байланысты болуы мүмкін», — деді ол.

     

    Швеция үкіметі ықтимал бұзушылықтарды тоқтатуға ниетті. Алайда, мәлімдемеде Ресейдің нақты қай көршілері туралы айтылғаны белгісіз.

    BBC-дің жазуынша, 2023 жылы Швециядан Қазақстанға экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 140%-ға, ал Қырғызстан мен Түрікменстанға – 200%-ға өсті.

    Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-қарашада 282 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға жоғары.

    Естеріңізге сала кетейік, Еуропа өзінің санкцияларымен Ресей Федерациясына көптеген тауарларды, соның ішінде қару-жарақ өндірісінде қолдануға болатын компоненттерді жеткізуге тыйым салды.

    Сонымен бірге, батыс елдері Ресей көрші елдерді тыйым салынған тауарларды әкелу үшін пайдаланады деп қорқады.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Қырғызстанға қатысты шектеулер енгізгені жазғанбыз. Ақ үй қырғыз елі арқылы Ресейге санкциялық өнімдер, соның ішінде қытайлық дрондар жеткізіледі деп есептейді.

    ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →