Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «75 млн теңге салған» — алматылықтар Q-net қаржы пирамидасына алданған

    «Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша ұсталғандарды тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды.

    Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген.

     

    “Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

     

    Ведомство қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша Sincere Systems ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шыққан.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →