Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Қырғызстанда мешіттер пен медреселер жабылуда

    Қырғызстанның Ош облысында діни білім берудің бірыңғай стандарты болмағаны үшін 39 мешіт пен 21 медресе жабылды. Сонымен бірге діни орындар құрылыс-сәулет талаптарына сәйкес келмегені үшін де қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. 

    Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Ош облысында 39 мешітке айыппұл салынып, христиандық бағыттағы 18 діни нысанның қызметі тексерілген.

     

    Діни орындарда сәулет-құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар ескерілмеген. Ғимараттардың құрылысы ретсіз салынған. Сондай-ақ діни мекемелер аймақта радикалды-экстремистік идеологияның таралуына ықпал еткен, – делінген хабарламада.

     

    Діни нысандар экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында тексерілген. Тексеру тобының құрамында арнайы қызмет, полиция, Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық билік және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері болды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →