Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    «162 млн теңге ұрланған»: Талдықорғанда «ПИК» қызметін автоматтандыру кезінде ақша жымқырғандар сотталды

    Талдықорғанда «ПИК» қызметін автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізуді іске асыру кезінде алдау жолымен ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше,  үш ЖШС «Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 млн теңге сомасына «ПИК» қызметін автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны анықталды.

     

    “Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған. Алайда, олар жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізген, осылайша коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған”, – делінген хабарламада.

     

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген 162 млн теңге залал сомасы толық өтелді.

    Сот үкімімен үш ЖШС басшылары кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →