Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    ІІМ: «Бейбіт Шүменов Америкада болуы мүмкін»

    Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов үкімет отырысынан соң боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін деген болжам айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.

    Ол тергеу әлі жалғасып жатқанын, спортшыға іздеу жарияланғанын айтты. Әрі қарайғы жұмыстар заң аясында жүргізілуде.

    Журналистер Бейбіт Шүменовтің әйелінде Американың азаматтығы бар екенін алға тартты.

    «Ол сол жерде жүрген шығар. Қазір жеке нұсқау жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тараптардың татуласуы мүмкін, өйткені бұл  орташа ауырлықтағы қылмыс», — деді Марат Ахметжанов

    Қазақстандық бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке Астанадағы сауда орталығындағы жанжалдан кейін іздеу салынды.

    Оқиға 2023 жылдың 18 маусымында болды. Желіде қолында баласы бар ер адамға шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып-соққаны туралы видео жарияланғаннан кейін оған қоғам тарапынан  наразылық пайда болды. Кейін шабуылшының бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, төбелес балалар арасындағы жанжалдан басталғанын айтты.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →