Басты бет » Тағы бір қаржы пирамидасының қылмысы әшкере болды

Тағы бір қаржы пирамидасының қылмысы әшкере болды

Қаржы мониторингі агенттігі Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Аталған фактіні ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде  анықтаған.

 

«Күдіктілер «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда («YouTube» бейнехостинг сайты, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.  Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан», — делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 217-1-бабы (адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Qazaq.today 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика