Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Оралда пара алған шенеунікке үкім оқылды

    Орал қалалық сотында пара алды деп айыпталған БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бұрынғы басшысы Дархан Қуанышевқа үкім оқылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    60 жастағы шенеунік ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне (айтарлықтай мөлшерде пара алу) сәйкес айыпты деп танылды. Сот оған параның 30 еселенген, яғни, 19,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды.Сонымен қатар ол мемлекеттік басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

    Шенеунікке пара берді деп айыпталған кәсіпкер Мирболат Мұхамедзянов та кінәлі деп танылды. Алайда шын өкінуіне байланысты ҚР ҚК 65-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

    Іс материалдарына сүйенсек, биылғы 20 сәуірде департамент пен «Ақсай Грант» жеке кәсіпкерлігі арасында департаменттің және 9 аудандық басқарманың әкімшілік ғимараттарын кешенді ұстау және қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған.

    Департамент басшысы Д.Қуанышев қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында мамыр айының ортасында «Ақсай Грант» ЖК атынан кәсіпкерлік қызметті атқарып жүрген Мирболат Мұхамедзяновтан («Ақсай Грант» ЖК басшысы А.Мұхамедзянованың жұбайы) орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою және жалпы қамқоршылық үшін жалпы соманың 10 пайызы көлемінде пара беруін талап еткен. Бұған М.Мұхамедзянов келіскен.

    26 мамыр күні Д.Қуанышев 2,5 млн теңгенің жұмысы орындалғаны жөнінде актіге қол қойған. Бір күннен кейін «Арасан» саунасында отырып, М.Мұхамедзяновтан ізін жасыру ниетімен туысы Д.Бажировтың есепшотына 250 мың теңгені аудару керектігін айтқан. Сол күні «WhatsApp» месенджері арқылы туысының «Kaspi Bank» АҚ-ға тіркелген телефон нөмірін жіберген. 29 мамыр күні Н.Мұхамедзянов Д.Бажировке 250 мың теңгені аударған. Сол күні Д.Бажиров Д.Қуанышевтің қылмыстық әрекетіне күдіктенбестен, «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы 215 мың теңгені және «Olimpbet.kz» букмекерлік кеңсесіндегі жеке есепшотына 30 мың теңгені аударған.

    Маусым айының басында Д.Қуанышев өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, М.Мұхамедзяновтан 100 мың теңге пара талап еткен. Бұл әрекет те алдындағыдай жолмен жүзеге асқан.

    Содан кейін осы айдың соңында тағы да 300 мың теңге көлемінде пара алған.

    Яғни шенеунік кәсіпкерден жалпы сомасы 650 мың теңге  пара алған.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына үкім шыққан.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →