Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    СІМ Түркияда қазақтардың апатқа ұшырауына байланысты түсінік берді

    ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Аланияда апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    “Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне жоғары жылдамдықпен кірген. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Азаматтарымыздың денсаулығының барлық жағдайлары мен жай-күйін анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерге барып, зардап шеккен отандастарымызбен кездесті”, – делінген хабарламада.

     

    12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

     

    “Оларға ота жасалды, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп төнңп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар”, – деп мәлім етті ведомство.

     

    Еске салайық, бұдан бұрын Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырағаны хабарланған.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →