Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шу қаласында он жасар 2 бала кәріз суына батып кетті

    Шу қаласында 2 бірдей бала кәріз суына батып кетті. Марқұмдардың ата-аналары қауіпті жердің қоршалмай тұрғанына наразы. Қайғылы оқиға айдың басында болса да, әлі күнге дейін қауіпсіздікке қатысты ешқандай қарекет көрмедік деп отыр, деп хабарлайды Qazaq.today КТК арнасына сілтеме жасап. 

    Қайғылы оқиға 9 шілде күні Шу қаласында кәріз суы жиналатын жерде болған. 10 жасар 3 бала ойнап жүріп, құстарды ұстаймыз деп төбешікке шыққан. Алайда, біреуінің аяғы тайып суға кетеді. Екіншісі құтқарамын деп ол да артынан батып кеткен. Көмекті шақырған үшінші бала. Қала тұрғыны жетіп келгенде бүлдіршіндердің денесі судың бетінде қалқып жатқан. Дәм-тұзы небәрі 10 жасында таусылған Айбектің анасы бұған жергілікті шенеуніктерді кінәлайды. Қауіпсіздік талаптары сақталғанда, бұлай қайғылы жағдай болмас еді деп жылап отыр.

    «Әлі күнге дейін ешкімнен ешқандай әрекет жоқ. Мен өткенде айтқанмын хотя бы сетка қойсыншы деп. Бүгін келіп қарасақ сетка да жоқ. Ешбір ананы баламен сынамасын. Кеше жүрген балам бүгін жоқ. Тағы кім кепілдік бере алады тағы сондай жағдай қайталанбайтынына. Қоршау ештеңе болмаса», — деді А.Сағымбайдың анасы Света Шалбаева.

    Бұл нысанның қауіпті екені тақтайшада да жазулы тұрғанымен, еш жерінде қоршау жоқ. Емін еркін кез келген адам кіріп шыға береді. Қайғыдан қан жұтқан Айбектік анасы нысанның әлі күрге дейін не үшін қадағалаусыз тұрғанын түсінбей отыр. Ал, тәртіп сақшылары 2 баланың өліміне қатысты тергеудің әлі жалғасып жатқанын жеткізді.

    «Аталған дерекке қатысты адам өлімі бойынша тергептексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Нәтижесі бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады. Тергеу әрекеттері жалғасуда», — деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

    Ал, кенжелерінен қапелімде айырылған екі отбасының ендігі жалғыз тілегі — қауіпті судың қоршалғанын немесе түбегейлі жабылғаны.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →