Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Екібастұзда газ құю бекетіндегі өрттен бір адам қайтыс болды

    Бүгін сағат 13.24-те  Екібастұз қаласындағы Қонаев көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар өртенген еді. Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метрді алып жатқан су мұнарасының шатыры өртенді.

     

    Сағат 15.22-де цистернаның жанынан ер адамның денесі табылды. Қазір оның кім екенін анықталып жатыр.

     

    Өрт 15.00-де оқшаулауланып, 15.44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген хабарламада.

     

    Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 метрден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →