Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 461,3 538,8 5,49
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті Сотта Ұлдана Мырзуанның анасы жылап мән-жайды айтып берді Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті Сотта Ұлдана Мырзуанның анасы жылап мән-жайды айтып берді Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді

    Алматы тауларында от жаққандарға 5 млн теңге айыппұл салынды

    Алматы тауларында от жаққан 100 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Данияр Жүсіпов айтты.

    Оның сөзінше, таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында 90-нан астам бірлескен рейд жүргізілген.

     

    «Рейд барысында 7 мыңнан астам демалушыға жадынама таратылды. 170 — тен астам от жағу фактісі тоқтатылды, жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам сомаға 100 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді ол.

     

    Департамент өкілінің сөзінше, күн райына байланысты Алматыда өрт қаупі сақталып отыр.

     

    «Жаз табиғи өрттің пайда болу қаупі айтарлықтай артатын уақыт екені бәріңізге белгілі. Олар қоршаған ортаға, экономикаға және адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Ауа райы болжамына сәйкес, шілде айының соңында температура 40 градусқа дейін көтерілетін ыстық ауа райы күтіледі. Бүгінде «Қазгидромет» 2023 жылғы 23 шілдеден бері төтенше өрт қаупін сақталатынын айтып, шұғыл ескерту жасап жатыр», — дейді Данияр Жүсіпов.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысындағы дала өртіне байланысты 3 ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды. Атап айтқанда, Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында қауіп деңгейі жоғары болып тұр.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →