Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Министр Тоқаевтың бұрынғы коттеджінде «заңсыз жұмыс істеп тұрған» майнинг-ферма туралы сұрақтарға жауап берді

    Энергетика министрі Болат Ақшолақов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы бұрынғы коттеджінде жұмыс істеп тұрған «заңсыз сұр майнинг белгісі бар» құрылғы туралы сұрақтарға жауап берді. Алматының қымбат ауданынан бой көтерген құны 1,9 млрд теңге тұратын коттеджде «майнинг-ферманың заңсыз жұмыс істеп тұрғанын» Азаттық тілшісі президентке тиесілі жылжымайтын мүліктерді зерттеу кезінде анықтаған.

    Сәрсенбі күні «Президенттің бұрынғы коттеджінде заңсыз істеп тұрған майнинг құрылғысы туралы естіп пе едіңіз? Министрлік бұл ақпаратты тексере ме? » деген Азаттық тілшісінің сұрағына министр:

    «Жоқ, әзірге көрген жоқпын. Бүгін ғана келіп тұрмын. Зерттеп көрейік» деп жауап берді.

    – Заңсыз майнинг фермаларын анықтаумен Қаржы нарығын реттеу агенттігіндегі әріптестеріміз айналысып жатыр. Ал министрлік энергетика тұрғысынан жауап береді. Өкінішке қарай, қазір Энергетика министрлігі бақылау комитетінің [заңсыз айналысқан мекемелерді тексеру үшін ғимараттар ішіне] ішке кіретін құқықтары жоқ. Тиісті өзгерістерді заңға енгізуді көздеп отырмыз. Заңсыз жұмыс істеп жатқан мекемелер болса, оларды тексеруге құзыретіміз жетпейді, – деді Болат Ақшолақов Азаттық тілшісіне.

     

    «Заңсыз сұр майнинг белгісі бар» құрылғы бар Алматыдағы коттедж. Ғимарат бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың меншігінде болған. Қазіргі иесі басқа адам. Алматы 4 сәуір 2022 жыл.

    «Министрлік бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу агенттігіне хабарлама жібере ме?» деген сұраққа министр нақты жауап бермеді.

    Бір күн бұрын жарияланған Азаттық зерттеуінде бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі болған зәулім үйдің бірінші қабатында «майнинг-ферма жұмыс істеп тұрғаны» айтылған.

    Құрылғының жасырын жұмыс істеп тұруы – сұр майнерлердің белгісі. Бұлай жұмыс істеу заңға қайшы. Азаттық Алматыдағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде жұмыс істеп жатқан майнинг ферма жөнінде Энергетика министрлігіне және өзге де құзыретті мекемелерге сауал жолдаған, жауабы әлі келмеген болатын.

    Дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →