Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті •

    Ресей әскери техникасы Батыс Қазақстан облысына оқу-жаттығуға келген

    Апта басынан бері әлеуметтік желіде форма киген адамдар мінген әскери жүк көліктерінің Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендерде жүргені туралы видео тараған. Видео Бөкей ордасы ауданындағы Темір Масин атындағы селолық округ маңында түсірілген деп айтылады. Бұл туралы Азаттық жазды.

    Украинада соғыс жалғасып жатқан тұста және бірқатар ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға «шүйлігуінен» кейін Ресей туын ұстаған әскери көліктердің шекараға жақын елді мекендерде жүруі қолданушыларды алаңдатқан.

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Ресей әскері Қазақстаннан жалға алған әскери полигонда жаттығу өткізу үшін келді деп мәлімдеді.

    «Ресей әскерилері Бөкей ордасы ауданындағы полигонға кетіп бара жатқан. Олар жолшыбай Бөрілі ауылында дүкенге кіріп, азық-түлік алып, көп кідірмей жолға шыққан. Олар заңға қайшы ештеңе жасамаған» деді әкімдік өкілдері.

    Қазақстан қорғаныс министрлігі ақпаратқа түсініктеме бермеді.

    Ресей Қазақстанның үш аймағынан (Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары) әскери полигондарды жалға алған.

    Украинадаға соғыс басталғалы бері осыған ұқсас видео наурызда да тараған. Ол кезде Ресей әскери техникасы Қостанай көшелерінен байқалған.

    Оқиғаға түсініктеме берген Қазақстан қорғаныс министрлігі Қостанай облысында ресейлік «іздеу-құтқару командасы өкілдерінің сол өңірге қонған ғарышкерлер капсулын іздеп жүргенін» айтқан.

    Украинада соғыс басталғанға дейін де Мәскеу саясаткерлері Қазақстанда «русофобия» барын айтып, «территориялық претензия» айта бастаған. Жуырда Мәскеу қалалық думасының депутаты «денацификация аймағына» Қазақстанды да енгізу қажеттігін мәлімдеген. Ал Қазақстан билігі депутаттың мәлімдемесіне реакция білдірмейтінін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →