Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Закиева боксшы Шүменовті жауапқа тартуды талап етті

    Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today  Halyq Uni -не сілтеме жасап. 

    Омбудсмен боксшы өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеріп, Ішкі істер министрлігіне жүгінген. Оның пікірінше, Бейбіт Шүменовті қылмыстық жауапкершілікке тарту керек.

     

    «Балаға қауіп төнгені әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. Сондықтан тұлғаны (кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті – автор) қосымша Қылмыстық кодекстің 115-бабы бойынша («Қорқыту») жауапқа тарту керек деп ойлаймын. Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда адамды жауапқа тартуды көздейтін бап жоқ, — деп жазды Динара Закиева Facebook-тегі парақшасында.

     

    Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетінін атап өтті.

     

    Жалпы, кез келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын, — деді омбудсмен.

     

    Айта кетейік, оқиға 18 маусымда Астанада болған. Танымал боксшы ойын-сауық орталығында жанжал шығарып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан еді.

    Сондай-ақ боксшыны жауапқа тартпаған полицейдің жазаланатыны да хабарланды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →