Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Жамбыл облысында әкім орынбасары малшыны ұрып-соққан

    Жамбыл облысы Қордай ауданында әкім орынбасары үш ағасымен малшыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі растады.

    «9 шілдеде Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Қ. Ақыпов дене жарақатымен полицияға шағымданған. Ол өзін әкім орынбасары Қ.Бақаевтың ұрғанын айтқан. Ақыпов Бақаевтың ағайындарының малшысы болып жұмыс істеген», — дейді облыстық әкімдік.

    Облыстық полицияның мәліметінше тергеу жүріп жатыр.

    «Қазіргі таңда аталған дерек бойынша дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жасалып жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Әлеуметтік желідегі ақпаратта шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған. Алайда әкімнің орынбасары мен ағайындары шопанды аяусыз ұрып тастаған. Олар шопанға бір жылдық еңбегі үшін 1 миллион теңге және бір жылқы төлеу керек болған.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →