Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен кездесті Қазақстан гандболшылары әлем кубогында топ жарды Астанада газ баллоны жарылып, үш адам жараланды

    Кентаудағы дәмханадан уланған адамдардың саны артты

    Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы Кентау қаласындағы дәмханада болған жаппай улануға қатысты пікір білдірді.

    Облыстық денсалық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәмханада тамақтан уланған адам саны тағы 9 адамға артқан. Қаланың орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 67 адам түскен. Тағы 28 адам амбулаториялық ем алып жатыр.

    Облыстық әкімдіктің мәліметінше, уланғандар фаст-фуд кафесінде суши мен тауық етін жеген.

    Қазір облыста осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осыған дейін 58 адам уланып, 19-ының инфекциялық бөлімшеге жатқызылғаны туралы хабарланған болатын. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алды.

    Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, науқастардың барлығы өз ауруын «Rizyq Rauany» дәмханасында сатып алынған тағамдардан ауыз тигенімен байланыстырады.

    Қазір кафенің қызметі тоқтатылды. Онда жоспардан тыс тексеру басталды. Тексерумен облыстық санитарлық эпидемияға қарсы күрес департаментінің мамандары айналысып жатыр.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →