Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Кентауда астан уланған 58 адам ауруханаға түсті

    Түркістан облысында 58 адам астан уланып, ауруханаға түсті, оның 27-сі – бала, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

    Олар Кентаудағы қоғамдық тамақтану орнынан тез дайындалатын тағамдарды жеген. Бұл туралы мәліметті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы растады.

    Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Мамандар науқастардың саны тағы да артуы мүмкін екенін айтады. Себебі дәл осы дәмханадан өткен жылы қазанда 167 адам, тамыз айында сегіз адам уланған. Сол кезде тамақтану орны жабылып, басшылығына қатысты іс қозғалған.

    Ал полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты да, аспаздарының медициналық кітапшасы да болмай шыққан.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →