Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Перулік отбасы ұлына Димаш Құдайбергеннің есімін берді

    Перулік отбасы ұлына қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне есім берген. Лима әуежайындағы жанкүйерлердің қарсы алуы әлеуметтік желіде тарады.

    Перулік отбасы ұлына Димаш Құдайбергеннің есімін берді

    Фото: Instagram.com/sholpantabaeva/kudaibergenov.dimash

    Перу елінде бір отбасы ұлына қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне есім қойған. Балақай анасымен бірге өнер иесін қарсы алу үшін Лима әуежайына келген. Кішкентай жанкүйердің қолына арнайы плакат ұстап, әншіні күтіп тұрған сәті әлеуметтік желіде таралып, көпшілікті сүйсінтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жүректебірентер бейнежазбаны әншінің жанкүйері Шолпан Табаева Instagram парақшасында жариялады. Ол қазақ өнерпазының мұхиттың арғы жағындағы елдерде де зор құрметке ие екенін атап өтті.

    «Кейбір отандастарымыз Димаштың әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналғанына күмән келтіріп, оның жетістігін жай ғана сәттілікке балап жүргенде, сонау шалғайдағы Перу елінде балаларына Димаштың есімін беріп жатыр!» – деп жазды ол.

    Оның айтуынша, Лима әуежайына әншіні қарсы алу үшін жүздеген жанкүйер жиналған. Олар Димашқа деген ыстық ықыласын білдіріп, өз қолдарымен әзірлеген плакаттарын ала келген. Олардың арасында арбаға таңылған жандар да болған.

    «Әлем басынан күрделі кезеңді өткеріп жатқан шақта Димаш миллиондаған адам үшін жанына жақын жанға, көңілінің жұбанышына, тірегі мен үмітіне айналды. Димаш – жай ғана әнші емес, мәдени және әлеуметтік феномен», – деді Шолпан Табаева.

    Желі қолданушылары кішкентай Димашқа бақыт пен жарқын болашақ тілеп, қазақ әншісіне деген құрметтің осындай көрінісіне тәнті болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →