Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қазақстандық олигарх  Владимир Ким «Формула-1» командасын сатып алды

    Қазақстандық олигарх  Владимир Ким Hitech Global Holdings компаниясының акциясын сатып алды. Компания құрамына алты жарыс командасы кіреді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қазіргі уақытта F2, F3 және F4 жарыстарына қатысып жатқан сильверстоундық команда дүйсенбі күні өздерінің иесі Hitech Global Holdings Limited компаниясы 25 процент үлесін қазақстандық кәсіпкер Владимир Кимге сатқанын мәлімдеді.

    Кимнің негізгі кәсібі тау-кен өндірісі, банк және авиация саласымен байланысты. Ол сондай-ақ Қазақмыс пен KAZ Minerals Group компанияларына басшылық ете отырып, әлемдегі мыс өндірушілердің ТОП-ондығына еніп отыр.

    «Мен автоспортқа бұрыннан қызығатынмын және көп санат бойынша жеңіске жеткен әрі болашаққа деген жоспары мықты ұйыммен серіктес болғаныма қуаныштымын. Спортпен бұрыннан қалыптасқан байланысымыз бар. Бірақ бұл біздің автоспортқа құйған алғашқы ірі инвестициямыз. Оның динамикалық тұрғыда тартымдылығы, танымал спорт түрі болып келе жатқаны, бизнеске деген маркетинг мүмкіндіктері мен жанкүйерлерінің артып келе жатқаны менің жеке және коммерциялық амбицияларыма сай келеді», — деді В.Ким.

    2026 жылғы маусымнан бастап Hitech командасы Формула-1-ге қатысады.

    Forbes нұсқасы бойынша Ким Қазақстандағы ең бай адам. Оның мүлкі — 4,6 миллиард доллар және ол әлемдік рейтингіде 607-ші орында тұр.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →