Қытайда магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: Pixabay
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады QazaqToday.info ақпарат порталы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі 22 қараша күні Астана уақытымен сағат 07:15-те (Гринвич уақыты бойынша 02:15) болған.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Қытай аумағында, солтүстік ендіктің 42,32 градусы мен шығыс бойлықтың 82,29 градусы координаттарында орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,2, энергетикалық класы 12,3 болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы 14 шақырым тереңдікте тіркелген.
Алдын ала таратылған мәліметте зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.
