Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Томпсон: Пратес Моралесті жеңеді деп болжаймын

    Стивен Томпсон UFC-дің уақытша белбеуі үшін Карлос Пратес пен Майкл Моралестің жекпе-жегінде бразилиялықтың жеңетінін болжады.

    Томпсон: Пратес Моралесті жеңеді деп болжаймын

    Сурет: sports.kz

    Америкалық жартылай орта салмақтағы UFC файтері Стивен Томпсон (18-9-1) UFC-дің уақытша белбеуі үшін өтетін жекпе-жекте бразилиялық Карлос Пратестің (24-7) эквадорлық Майкл Моралесті (19-0) жеңетінін болжады. Бұл туралы ол MMA Full Mount-қа сілтеме жасай отырып, Sports.kz хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Маған Майлз ұнайды. Ол ірі жігіт, жекпе-жектер арасында 235 фунт (шамамен 107 килограмм) тартады. Бірақ мұндай ірі файтерлердің салмақ қууға техниканы шыңдауға қарағанда көбірек уақыт пен күш жұмсайтыны жиі кездеседі», — деді Томпсон.

    Пратес пен Моралес жартылай орта салмақтағы уақытша титулды 2027 жылдың 30 қаңтарында Торонтода өтетін UFC 336 турнирінде сарапқа салады. Екеуі де октагонда жеті жеңіске жеткен, бұл ретте бразилиялық әр жолы нокаутпен жеңіп отырған.

    Томпсон Рахмоновпен 2023 жылдың желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде кездескен. Екінші раундтың соңында қазақстандық америкалықты арқадан тұншықтыру әдісімен тізе бүктірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →