Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикпен» ойнайды

    «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында украиналық «Атлетикпен» кездеседі. Матч 24 қарашада Чорескуда өтіп, Qazsport тікелей көрсетеді.

    «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикпен» ойнайды

    Сурет: sports.kz

    Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта «Семей» клубы сырт алаңда украиналық «Атлетикпен» кездеседі. Бұл ойын 24 қараша, сейсенбі күні өтеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Атлетик» — «Семей» матчы Молдованың Чореску қаласында өтіп, Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

    Негізгі раундта «Семей» А лигасында өнер көрсетіп, алты ұпаймен өз тобында екінші орын алды. Қазақстандық клуб словакиялық «Лученецті» (6:0) және швейцариялық «Минерваны» (5:1) ойсырата жеңіп, испаниялық «Барселонадан» ірі есеппен (1:6) жеңілді. «Атлетик» болса В лигасында жеті ұпай жинап, топта бірінші болды. Украиналық клуб австриялық «Грацты» (3:1) және сербиялық «Лозницаны» (3:2) жеңіп, чехиялық «Хрудиммен» (3:3) тең ойнады. «Семей» мен «Атлетик» арасындағы қарымта матч 5 желтоқсанда Семейде өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →