Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды •

    Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады

    Финляндия сыртқы істер министрі Элина Валтонен Еурокомиссияның ресейлік спортшыларды ұлттық туымен жарыстардан шеттету туралы бастамасын қолдады.

    Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады

    Сурет: sports.kz

    Финляндия сыртқы істер министрі Элина Валтонен Еуропалық комиссияның Ресей спортшыларын Еуроодақ аумағындағы халықаралық жарыстардан ұлттық рәміздерімен шығару туралы бастамасын қолдады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Еурокомиссия бүгін Финляндия ұстанған бағытқа қосылып, өз елінің туы астында өнер көрсететін ресейлік спортшыларды спорттық іс-шаралардан шеттетуге ұсыныс жасады. Жарайсың! Ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат беру әділдік сезіміне қайшы келер еді», — деп жазды Валтонен әлеуметтік желідегі өз парақшасында.

    Кеше Еурокомиссия 22-ші санкция пакетінің жобасын ұсынды. Онда ресейлік командалар мен спортшылардың Еуроодақ аумағындағы жарыстарға ұлттық туымен қатысуына тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар Ресейден келетін демеушілік қаржыландыруға және ресейлік азаматтардың еуропалық спорт федерацияларындағы басшылық лауазымдарда жұмыс істеуіне шектеулер енгізу ұсынылып отыр.

    Бұған дейін Финляндия ресейлік спортшыларға визалық ережелерді қатаңдатып, олардың елге кіруін шектеген болатын.

    Брюссель тарапынан жаңа шектеулер толқынына Спорттық арбитраж сотының (CAS) қазандағы шешімі себеп болды. Сот Ресей хоккей федерациясының апелляциясын қанағаттандырып, Халықаралық хоккей федерациясын (IIHF) ресейлік құрамаларды 2026/2027 маусымының халықаралық турнирлеріне, оның ішінде Германияда өтетін әлем чемпионатына қайтаруға міндеттеді. Бұл шешім Еуропада қатты наразылық тудырды: бірқатар ұлттық құрама ресейліктерге қарсы матчтарды бойкоттауға ниет білдірді, ал Еуроодақ елдері олардың жарыстарға қатысуын саяси және визалық деңгейде шектеуді қолдады. Сондай-ақ еуропалық елдердің сыртқы істер министрлері ресейлік хоккейдің Еуропаға оралуына қарсы коалиция құратынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →