Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобы туралы өкімге қол қойды • «Ангелина Лукасты жекпе-жек алдында тонап кеткен»: қазақстандық боксшы Германияда келеңсіз жағдайға тап болды • Екі тәулік кешіккен рейс: FlyArystan жолаушылардың ақшасын қайтарудан бас тартты ма? • Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес • Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңінде екі финалға шықты • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар •

    Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес

    Рейс кешігеді, орын ауыстыру ақылы, жүкке тағы ақша: жолаушылар тарапынан SCAT-қа қатысты шағым тоқтар емес

    Фото: untt.livejournal.com

    SCAT әуе компаниясының қызметіне қатысты шағымдар толастар емес, жолаушылар рейстердің кешігуіне, қосымша төлемдерге және қызмет көрсету сапасына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    22 қарашада Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан Астанаға ұшуы тиіс рейс екі сағатқа жуық кешіктіріліп, жолаушылардың бірі компания қызметінен көңілі қалғанын жазды.

    Ал Мәскеуден Алматыға ұшқан жолаушы ұшақта бос орындар болғанына қарамастан, бірге сапарлаған адамдарды бөлек отырғызып, орын ауыстыру үшін ақша сұралғанына шағымданды.

    Тағы бір жолаушы Алматы – Астана бағытындағы рейске 23 келі жүк ақысын алдын ала төлесе де, қосымша сөмкесі үшін тағы ақша шығаруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

    Әртүрлі бағыттағы жолаушылардың шағымдары SCAT компаниясының қызмет көрсету тәртібі мен жолаушыларға қарым-қатынасына қатысты сұрақ туғызып отыр.

    Жолаушылар қайта-қайта наразылық білдіріп жатқанда, компания басшылығы мен авиация саласына жауапты құзырлы органдар бұл мәселелерге қашан нақты назар аударады?

    Дереккөз: @akkenzhe.o.m, @llluiko, @3dreamalmaty.

    https://www.threads.com/share/BAWXa0exjI

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →