Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО) • КХЛ «Барыс» пен «Авангард» матчының интригасын бағалады • «Авангард» — «Барыс»: КХЛ матчының тікелей трансляциясы 18:30-да басталады • Арайлым Амангелді Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қарсы шықты • Чех журналисі CAS-тың Ресей пайдасына шешіміндегі рәсімдік бұзушылықты түсіндірді • Жұлдызжорамал: ішкі жасыңыз паспорттағы жасқа сәйкес пе? • Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО) • КХЛ «Барыс» пен «Авангард» матчының интригасын бағалады • «Авангард» — «Барыс»: КХЛ матчының тікелей трансляциясы 18:30-да басталады • Арайлым Амангелді Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қарсы шықты • Чех журналисі CAS-тың Ресей пайдасына шешіміндегі рәсімдік бұзушылықты түсіндірді • Жұлдызжорамал: ішкі жасыңыз паспорттағы жасқа сәйкес пе? •

    Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО)

    Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО)

    Фото: istockphoto.com

    Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары лифтіні бүлдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға 18 қарашаға қараған түні қаланың 11-шағынауданында болған. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жастардың қатысуымен түсірілген бейнежазбаны анықтаған. Кадрлардан лифтке кірген үш жігіттің бірі есікке аяғымен және жұдырығымен бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады.

    Полицейлер олардың жеке басын жедел анықтап, бөлімшеге жеткізді. Тексеру барысында лифтіні осы үйдің 26 жастағы тұрғыны Бекзат Құрақбаевтың бүлдіргені белгілі болды. Онымен бірге оның 25 жастағы танысы Азамат Торымов пен 26 жастағы Саламат Жолдыбай да жауапкершілікке тартылды.

    «Полиция қызметкерлері әкімшілік заңнаманың үш бабы бойынша материал жинады. Олар – қоғамдық орында мас күйде жүру, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық жасау. Сот шешімімен құқық бұзған үш азамат та әкімшілік қамаққа алынды. Лифтпен “жекпе-жекке” шыққан жас жігіт 10 тәулікке, ал оның екі танысы 5 тәулікке қамалды», – деп мәлімдеді ведомстводан.

    Полиция азаматтарды заң мен қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды. Құқыққа қайшы әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →