Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды • Жамбыл облысында 24 миллион теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • Атырауда қызылшамен ауырған бір жасар қыз көз жұмды • Жамбыл облысында 24 миллион теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды •

    Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді?

    Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында ата-аналар балабақшаға апаратын жолдың лайлы күйіне шағымданып, әкімдіктен жөндеу талап етіп отыр.

    Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді?

    Видеодан кадр

    Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында ата-аналар балабақшаға апаратын жолдың жағдайына шағымданды. Достық шағын ауданындағы «Бақытты бала 2» балабақшасына баратын жол жаңбыр жауса, ми батпаққа айналады. Тұрғындардың айтуынша, күз бен көктемде бұл жермен жүру қиындап, балалар мен ересектер тайып құлап жатады. Әсіресе кішкентай балаларды балабақшаға апарып, алып қайту ата-аналар үшін күнделікті әуреге айналған. Қала әкімдігі балалар күн сайын қатынайтын жолдың осындай күйге түсуіне неге жол беріп отыр және оны жөндеу мәселесі қашан шешіледі? Тұрғындар жергілікті биліктен құр уәде емес, балалардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасауды талап етіп отыр.

    Видео: @kandyagash__public

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →