Ақтөбеде көлік батпаққа батып жатыр: Халида Маманова көшесі қашан жөнделеді?
Фото: видеодан скрин
Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы Юго-Запад ауданында жолдың жағдайы тұрғындардың наразылығын туғызды. Халида Маманова көшесі ми батпаққа айналып, көліктердің еркін жүруі қиындаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолдың беті ойылып, терең дөңгелек іздеріне лай су жиналғанын, ал жеңіл көліктің батпаққа батып тұрғанын көруге болады. Тұрғындар үйден шығудың өзі мұң болғанын айтып, мәселені көтеріп отыр. Ал Ақтөбе қаласының әкімдігі жолдың осындай күйге түсуіне не себеп болғанын және оны қашан жөндейтінін түсіндіруі керек. Жауапты мекемелер бұл көшені қашан ретке келтіретіні әзірге белгісіз.
Видео: @medet.alg
