Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті •

    WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады

    Хесус Рамос-кіші WBC уақытша чемпион титулын Фрэнсис Хоганға қарсы қорғайды. Жекпе-жек 19 желтоқсанда Сан-Францискода өтеді. Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған еді.

    WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады

    Сурет: sports.kz

    Америкалық боксшы Хесус Рамос-кіші (24-1, 19 КО) орта салмақтағы WBC уақытша әлем чемпионы титулын өз отандасы Фрэнсис Хоганға (22-0, 17 КО) қарсы қорғайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    АҚШ-тағы инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жек 19 желтоқсанда Сан-Францискода өтеді және Девин Хэйни — Лиам Паро арасындағы WBO мен IBF нұсқалары бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулдары үшін басты жекпе-жекті қамтитын кардтың бөлігі болады.

    Айта кетейік, 19 қыркүйекте Рамос Қазақстаннан шыққан үміткер әрі WBC рейтингіндегі бірінші нөмір Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 КО) жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда америкалық боксшының салмақ түсіру кезінде денсаулығына қатысты мәселе туындады. Ол тағамнан улану күдігімен ауруханаға жеткізіліп, жекпе-жек тоқтатылды.

    Орта салмақтағы WBC әлем чемпионының негізгі титулын доминикандық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО) иеленеді. Ол бүгін Zuffa Boxing шоуында британдық боксшы Джером Уорбёртонмен (18-2-2, 2 КО) жұдырықтасады. Жеңіс жағдайында Адамес кейін Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →