Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды •

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстанда түскен суреттері әлеуметтік желіде қызу талқыланып, актрисаның ұлты мен шыққан тегі туралы пікірталас туды.

    Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті

    Фото: видео скриншот

    Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстанда түскен суреттері қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары актрисаның ұлты мен шыққан тегі туралы түрлі пікір білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    TikTok желісіндегі SHYNDYQ MEDIA парақшасында Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстанда жүрген сәтінен бірнеше сурет жарияланған. Кадрларда актрисаның үлкен кісілермен дастарқан басында отырғанын, оларды құшақтап, естелік суретке түскенін көруге болады.

    Жарияланым авторы «Жұлдыз біздің қарақалпақ қызы» деп жазып, актрисаның Қарақалпақстанмен байланысына назар аударған.

    Алайда бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі Жұлдыздың қарақалпақ екенін айтса, енді бірі оның шыққан тегіне қатысты басқа мәліметтер келтірген.

    «Бәсе, қазақ руға бөлінбеген деп қоймап еді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

    «Қарақалпақ ол – ұлт. Қазақ емес, өзбек, грек, қырғыз деген сияқты жеке ұлт!», – деп пікір қалдырған тағы бір оқырман.

    Ал кейбір желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың да Қарақалпақстанмен байланысы бар екенін алға тартқан.

    «Қайраттың өзі де сол жақтан емес пе? Түркістанға көшіп келген емес пе?», – деп сұрақ қойған оқырманға өзгелері әншінің анасының шыққан тегі туралы пікір білдірген.

    «Қайраттың мамасы да Қарақалпақстанның Хожелі деген жерінен деп еститінбіз», – деп жазған желі қолданушысы.

    Дегенмен пікірлерде айтылған бұл мәліметтер ресми түрде расталмаған.

    Желіде Қарақалпақстанның мәртебесіне қатысты да сұрақтар туындады. Оқырмандардың бірі оның қай елге қарайтынын сұраса, өзгелері Қарақалпақстан Өзбекстан құрамындағы автономиялық республика екенін түсіндірген.

    Осылайша Жұлдыз Әбдікәрімованың қарапайым отбасылық суреттері әлеуметтік желіде оның шыққан тегі мен Қайрат Нұртас отбасының тамырына қатысты қызу талқыға ұласты. Әзірге актрисаның өзі жарияланымдағы мәліметке қатысты пікір білдіргені туралы ақпарат жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →