«Балама көмектесіңіз»: Василий Тахтай түрмеде отырған әкенің тілегін орындады
Фото: видеодан скрин
Қазақстандық файтер әрі жаттықтырушы Василий Тахтай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтың өтінішін орындап, оның ұлына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп.
Кездесу кезінде Сүйіндік есімді азамат баласы Ибрахимнің ММА-мен айналысатынын, жарыстарда жүлделі орындар алып жүргенін айтқан. Алайда отбасының қаржылық жағдайы қиын екенін жеткізіп, спортшыдан ұлын қанатының астына алуды сұраған.
Тахтай өтінішті қабыл алып, бірнеше күннен кейін жаттығу залына келген Ибрахимді өзі қарсы алған.
