Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды • Ұлттың тамырын ғылыммен танытқан ғұлама: Оразақ Смағұловтың өнегелі ғұмыры • «Балама көмектесіңіз»: Василий Тахтай түрмеде отырған әкенің тілегін орындады • Новосибирскідегі қазақстандық студенттер украиналық блогерге туған жерге деген сағынышын жеткізді • «Ұзаққа созып жіберген»: Дархан Мұсаев экс әйелінің фильмін сынады • Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» атағынан айырылды • 342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды • Ұлттың тамырын ғылыммен танытқан ғұлама: Оразақ Смағұловтың өнегелі ғұмыры • «Балама көмектесіңіз»: Василий Тахтай түрмеде отырған әкенің тілегін орындады • Новосибирскідегі қазақстандық студенттер украиналық блогерге туған жерге деген сағынышын жеткізді • «Ұзаққа созып жіберген»: Дархан Мұсаев экс әйелінің фильмін сынады • Куинь Ань «Әлем аруы – Вьетнам» атағынан айырылды •

    342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды

    342 мың теңгені алып қашқан: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасалды

    Фото: видеодан скрин

    Қостанай облысында жанармай құю бекетінің кассирін қорқытып, жүздеген мың теңгені алып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Оқиға Фёдоровка ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жанармай құю бекетіне кіріп, кассирге пышаққа ұқсас зат көрсетіп қорқытқан. Кейін кассадан 342 мың теңгені алып, автокөлікпен қашып кеткен.

    Құқық қорғау органдары жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оның жүрген жерін тапқан.

    «Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын және жүрген жерін жедел анықтады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қолды болған ақша мен шабуыл кезінде қолданылған болуы мүмкін зат тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», – деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Индира Нуруева.

    Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →