Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді • Алматыда «Asar Baspana» қаржы пирамидасы 90 мыңға жуық адамды алдап, 25 млрд теңгесін сыпырып алған • Бірінші жеткен адамға 600 доллар беремін: Шымкентте кортеж қатысушыларының бірі ұсталды • Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты • «Англияда жұмысқа жіберем»: Көкшетауда жүзге жуық адамнан 70 млн теңге жинап алған алаяқ әйел сотталды • Құрылтай Жоғарғы Соттың алты судьясын қызметінен босатты • СІМ соғыс аймағындағы қазақстандықтардың тізімін Ресейге жібереді •

    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты

    Ауруханаға түскендер бар: Ақтауда оқушылардың футбол ойыны төбелеске ұласты

    5 қазанда Ақтаудағы №1 мектепте футбол ойыны кезінде 10 және 11-сынып оқушылары арасында төбелес болды. Жанжалдан кейін 10-сыныпта оқитын екі жасөспірім қабылдау бөліміне жеткізіліп, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «Криминальный Казахстан» Telegram-арнасына сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Жасөспірімдердің бірінің анасының айтуынша, сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Ол ұлының жоғары сынып оқушысына бірінші болып соққы жасағанын жоққа шығармайды. Алайда әйелдің айтуынша, бұған дейін жоғары сынып оқушысы жасөспірімді арандатқан және қорқытқан. Кейін жанжалға 11-сыныптың басқа оқушылары да араласқан.

    Төбелестен кейін 10-сыныпта оқитын екі оқушы медициналық көмекке жүгінген. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Анасының айтуынша, ұлы бірнеше рет есінен танып қалған. Оған денесінің көгеріп, жарақат алғаны анықталып, жүрегі айнып, басы айналған.

    Білім бөлімінде оқиғаның болғанын растады. Жанжалға қатысушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды.

    Фото: Azattyq Rýhy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →