«Кешіріңіздер, осындай эмоциялар үшін. Мен алтын алғым келді. Бірақ Құдайдың жолы – ешкімге белгісіз, бұл менің арманымның жолында тоқтатпайды», – деп жазды спортшы.
Ол сондай-ақ жарыстағы нәтижесінің жойылғанын көрсететін скриншот жариялады. Спортшы өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлеріне және жарыс барысында көмектескен мамандарға алғыс айтты.
«Біз соңына дейін күрестік. Мені қолдаған барлық супер қаһармандарыма рақмет. Жеке жаттықтырушымнан бастап, жеңіл атлетика федерациясы мен спорт министріне дейін барлығы мені қолдады», – деді Ясмина Токсанбаева.
