Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті • Әнші Садраддин концертінде Маңғыстауда қаза болған сарбаздарға ән арнады • Жабық люк жаңа көлікті бүлдірді: Астанада жүргізуші шығынға батты • «Қолдау қайда? Қорғау қайда?»: Аслан Қаженов Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайын айтып дабыл қақты • Астанада автобус жүргізушілері дәретханаға кіре алмай жүр: нысан бар, бірақ есігі жабық • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті • Әнші Садраддин концертінде Маңғыстауда қаза болған сарбаздарға ән арнады • Жабық люк жаңа көлікті бүлдірді: Астанада жүргізуші шығынға батты • «Қолдау қайда? Қорғау қайда?»: Аслан Қаженов Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайын айтып дабыл қақты • Астанада автобус жүргізушілері дәретханаға кіре алмай жүр: нысан бар, бірақ есігі жабық •

    «Қолдау қайда? Қорғау қайда?»: Аслан Қаженов Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайын айтып дабыл қақты

    «Қолдау қайда? Қорғау қайда?»: Аслан Қаженов Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайын айтып дабыл қақты
    Фото: ҰОК

    Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарында алтын медалі есепке алынбаған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Журналист спортшының нәтижесі жарысқа талапқа сай емес аяқ киіммен қатысқанына байланысты жойылғанын айтып, жауапты мамандарды сынға алды.

    «Жауаптылар неге үнсіз?! Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылды. Болмайтын қателіктен. Жарыс алаңына киетін аяқ киімді дұрыс таңдамапты. Негізі бұл спортта тыйым салынған препарат қолданып, допингке іліксе немесе спорттық жүру ережесін бұзып, жүгіріп кетсе, дисквалификация беріледі. О баста осыдан қорыққанмын. Жоқ. Мұнда басқа сыймайтын олқылық. Кішкентай баланың қателігі», – деп жазды Аслан Қаженов.

    Ол жеңіл атлетика федерациясы спортшыны неге тиісті аяқ киіммен қамтамасыз етпегенін және мәселе туындаған кезде жауапты мамандардың неге жедел араласпағанын сұрады.

    «Халықаралық қатынастар қайда? Қолдау қайда? Қорғау қайда? Негізі қазақ қызы таза жүгіріп өтті. Айқын басымдықпен жеңді. Бірақ қолда бар алтыннан айырылып отыр. Қысқасы, жауап беріңдер! Осындайда қырылмасаң, осындайда қоштамасаңдар, осындайда бірікпесең, мың қырық бір болып жүргеніңнен не қайыр?!» – деді журналист.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →