Айнұр Әбдірәсілқызы: Қоғамның рухани кемелденуге ұмтылысы артып келеді
Дінтауншы көптеген кітаптардың шығуына, дін саласында жалған ағымның адамдарымен күрескенін, ол жолда қудалау көргенін ашып айтты.
«Мәуліт айында, сосын рамазанда пайғамдарды түсімде көп көрдім. Бірақ ол туралы айтпадым сол кезде. Мен әдетте оларды айта бермеймін. Мәуліт айы болғандықтан оның арт жағында көп әңгіме бар. 2008 жылы бір қыз маған келді, ол кезде мен әлі баламен үйде отырғам. Сол кезде ол маған, — дінде ұстаздарыңыз жоқ, неден қуат аласыз?» деді. Сол кезде мен тек қана түстерімнен қуат алып келген екем. Менің ең көп көретін түсім дін жайлы. Көптеген оқиғалардан миссиялардың аяқталып, жер бетіндегі адамзат тарихы қорытындыланып келе жатқанын, жеріне жетіп жатқанын байқаймын», — деді дінтанушы.
Ол өзінің өмірін бүгінгі күнге дейін жалған ағымдармен, жалған психологтармен күресіп, дін саласымен айналысқан. Бірақ соның кесірінен психологиялық ауыр соққы алып, күйзелістен, қысымнан клиникалық өлімге түскен.
«Алла Тағала ғарықша ғашық етті. Мені тылсым әлемге ғашық етті. Сол көптеген ізденістердің жемісін көрдім. Қзаір аяңдап емес, жүгіріп келем. Соның бәрінде тауқыметтер көрдім. Таза түстер. Шын мәнінде осы түстер жол сілтейді. Түс нақты аманаттар міндеттейді, жетелейді. Пайғамбардың нақты сипаттары бар. Мен оны көрем. Пайғамбардың бойы қысқа, бірақ ол ұзын болып көрінеді. Ол үнемі ақ киген. Оның бет жүзі, қылықтары, қасы, бітімі сипатталған. Оның көзін көрегендер айтып, сипаттап кеткен. Мен сол сипаттар бойынша пайғамбарды көп көргем. Маған артылған аманаттары орындалып келеді. Біздің мемлекет көптеген елдер 200 жылда жете алмаған дүниелерге 20 жылда жетті. Кезінде біз көтерген мәселелер қазір орындалып жатыр. Оны бүгінде президентте айтып, іске асып жатыр», — деді дінтанушы, коуч Айнұр Әбідірәсілқызы.
Дінтанушы, парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызының айтуынша, алдағы он жылда қоғам менталдық тұрғыдан елеулі өзгерістерді бастан өткеруі мүмкін.
«Алдағы 10 жылдықтың ішінде көптеген халықтардың 100 жылда жүріп өткен менталдық даму жолын еңсереміз деп сенемін. Қазір халық санасында жақсы өзгерістер мен ілгерілеу байқалады. Екіжүзділер, алаяқтар және өзін бәрінен артық көрсететін адамдар әрқашан болады. Бірақ олардың қоғамға ықпалы кезең-кезеңімен өзгеріп отырады. Қазір бұл ықпал әлсіреп, қоғамда кемелденуге деген құштарлық күшейіп келеді», – деді Айнұр Әбдірәсілқызы.
