Tarlan Astana: елордада жерүсті метросы ашылғалы бері мінгендер саны 10 млн-нан асты
Фото: CTS
Елордада Tarlan Astana жерүсті метросы ашылғалы бері мінгендер саны 10 млн-нан асты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
CTS мәліметінше, қыркүйек айындағы орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың жолаушыны құрайды.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар:
- «Университет» – 1 463 953 жолаушы;
- «Бәйтерек» – 1 208 610 жолаушы;
- «Нұрлы жол» – 1 060 068 жолаушы.
«Жол ақысын бірнеше тәсілмен, оның ішінде көлік картасы, банк карталары және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
