Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті •

    Жабық люк жаңа көлікті бүлдірді: Астанада жүргізуші шығынға батты

    Жабық люк жаңа көлікті бүлдірді: Астанада жүргізуші шығынға батты

    Фото: Видео скриншот

    Астанада Түркістан көшесімен келе жатқан көлік жолдағы жабық құдық қақпағын басып өтіп, зақымданған. Көлік иесі Зарина Тәжібаеваның айтуынша, ол өз жолағымен қалыпты келе жатқан, алайда қақпақ орнынан жылжып, көліктің бірнеше бөлігіне зақым келген.

    Полиция мәліметінше, LYNK-CO 900 көлігінің механикалық зақым алғаны тіркеліп, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қазір аталған құдықтың жабық екенін және көлік қозғалысына қауіп төндірмейтінін хабарлаған.

    Материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша көлік иесіне сотқа жүгіну ұсынылған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

    Видео: @zarina_tazhibayeva

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →