Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспийде 17 әскери қызметші теңізге кетіп қалды деген ақпарат тарады Президент: Соңғы 7 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға артты Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді

    Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

    Маңғыстау облысында Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңіз алып кетті, оның тоғызы қаза тапты. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

    Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

    Каспий теңізі жағалауында өткен оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза тапқаны расталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Маңғыстау облысындағы оқиға кезінде теңізге 19 адамды алып кеткен, олардың тоғызы қаза тапты. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасуда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қорғаныс министрлігінің деректері бойынша, бәрі 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында болған. Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқанда, ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

    – Алдын ала мәліметтер бойынша, теңізге 19 әскери қызметші алып кетілген. Қазіргі уақытта 9 әскери қызметшінің қаза тапқаны тіркелді. Үшеуі құтқарылды, оның ішінде біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Қорғаныс министрлігінде.

    Осылайша, тағы жеті әскери қызметшінің тағдыры әзірге белгісіз.

    Іздеу операциясына Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, авиация және басқа да қызметтер тартылды.

    Трагедияның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі комиссия құрды. Оны Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов басқарды, ол оқиға орнына шұғыл аттанды.

    Ведомство қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →