Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықованың анасы: Қызымды Олжастан қызғандым • Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Дариға Бадықованың анасы: Қызымды Олжастан қызғандым • Финляндия Ресей спортына қарсы ЕО санкцияларын қолдады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді •

    Дариға Бадықованың анасы: Қызымды Олжастан қызғандым

    Дариға Бадықованың анасы қызын Олжас Абайдан қызғанғанын айтып, жұпқа шаңырақ көтеруді өзі кеңес еткенін жеткізді.

    Дариға Бадықованың анасы: Қызымды Олжастан қызғандым

    Сурет: sn.kz

    Актриса Дариға Бадықованың анасы қызының қазіргі жары Олжас Абайдан алғашында қызын қызғанғанын айтты. Бұл туралы ол «Жетінші арнаға» берген сұхбатында бөлісті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның сөзінше, теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде бойында қызғаныш сезімі оянған.

    «Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. “Менің қызымда несі бар мынаның?” деп ойладым», – деді ол.

    Сондай-ақ актрисаның анасы көпшіліктің қызы мен Олжасты жиі қосақтап жүргенін айтып, екеуіне шаңырақ көтеруге өзі де кеңес бергенін жеткізді.

    «Үйленетіндерінің алдында мен айттым: “Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?” дедім. “Қосылсаңдар, қосылыңдар” дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім», – деді актрисаның анасы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →